Велосипедтер дизайнердің көзімен...

Бүгінде әлемде милиардтан астам адам велосипед тебеді, сондықтан бұл қозғалыс құралы кең тараған. Еуропада, әсіресе Дания елінде велосипедті көп тебеді екен, орташа есеппен алғанда, бұл елдің бір азаматы жылына 893 шақырым жүріп өтеді-мыс. Екінші орында Нидерланд елі – 853 шақырым, Бельгия мен Германия үшінші орынды 300 шақырыммен бөліседі.   

Бұл қозғалыс түрінің танымал бола түсуінің негізгі себебі екеу: бірі экологиялық мәселе болса, екіншіден, денсаулыққа пайдасы бар екендігі. Оның қолданыс аясын кеңейту үшін көптеген елдер қалаларда арнайы велосипед жолдарын, жалға беру қызметтерін ұсынады.

Ал жарнамашылар өз кезегінде жыл өткен сайын таңдай қақтырар амал-тәсілдерге барады. Енді соларға тоқталайық...

Ағаш велосипед

Әлемдегі ең бірінші велосипедтер ағаштан жасалған. Бертін келе, ол темір мен пластикке ауысты. Ал енді жапон дизайнері Yojiro Oshima заманауи ағаш велосипед жасап шықты.

Велосипед-самокат

Филипп Старк есімді француз дизайнері жартылай велосипед және жартылай самокат жасап шықты. Екі дөңгелекті гибрид Pibal деген есім алған.

«Өзің құрастыр» велосипеді

Бала кезіңіздегі ойыншықтар есіңізде ме, өзіңіз-ақ оп-оңай құрастырып алушы едіңіз, ал енді Юрген Кейперс есімді дизайнер құрастырылатын велосипед ойлап тауыпты. Sawyer деген велосипед ағаштан жасалған. Халықаралық дизайн конкурсында автор осы жұмысы үшін бірінші орын алыпты.

Велосипед-граммофон

Dubbed Feats Per Minute – бұл дөңгелектері арқылы пластинаны айналдыра отырып ән ойнататын велосипед. Артқы жақта дауыс құбыры орнатылған. Жүру жылдамдығыңыз әннің ритміне әсер ете алмақ.

Create (Ұлы)

Create – британдық бренд. Бұл «көлік» тек әдемілігімен ғана ерекшеленбейді, сонымен қатар, «fixed gear» атты қозғалыс жүйесімен де ерек. Бұл жүйе велосипед педалін айналдырғанда жүріп, ал тоқтатқан сәтте өз кезегінде велосипед те тоқтап қалатындай мүмкіндік туғызған. Яғни, тежеуіш жоқ. Әдемілігіне тоқталар болсақ, оның дизайны мен түрлі-түстілігі назар аудартпай қоймайды. Тіпті дөңгелектер де түрлі-түсті бояуда.

Electra

Electra маркасы АҚШ-та 90 жылдары шыққан еді. Оның құрастырушылары жылдам жүріс пен барынша ыңғайлы етуді басты мақсатқа айналдырған. Міне, осылай жеңіл велосипедтер пайда болған. Және бір айта кетерлігі орындықта сіз омыртқаңызды тік ұстап айдай аласыз, ал әдемілігі көз қызартпай қоймайды.

Creme

Creme бренді де ең әдемі деген велосипед жасауға құмар.

Mobiky

Велосипедтің әрқашан да ыңғайлы еместігін атағымыз келеді. Бірақ дәл Mobiky атты түрі сізге қоғамдық транспорттарға мінуге мүмкіндік береді. Ал оның жылдамдығы әдеткі велосипед түрлерінен бір кем емес. Салмағы 12 келіге жетеді, ал өзі 110 келі болатын адамды көтере алады. Оны метрода, басқа да қоғамдық көліктерде алып жүре аласыз, себебі оны 3 секундтың ішінде жинап ала аласыз.  

«Қашып кетпейтін» велосипед

Британдық дизайнер Кевин Скотт (Kevin Scott) велосипедті айдап әкетушілерге қарсы жақсы төтеп беруге болатын іс жасады. Түрлі құлыпталатын заттардың орнына Bendy Bicycle атты өзі айнала құлыпталатын велосипед таптырмас шешімге айналған.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: adme.ru