Француз дизайнері Филипп Старк велосипедшілерге арнап экологиялық шлем жасап шығарды. Бұл туралы FastCompany өзінің ресми сайтында хабарлады.
Старктың шлемі Германияда осы жылдың тамызында қолданысқа енген франциялық Moustache Bikes компаниясы шығарған электрлік велосипедтермен қатар жасалған. S+arckbike атты шлемді жасау үшін Филипке калифорниялық Giro Sports Design компаниясы көмектескен.
Шлемнің сыртқы бөлігі алюминийден, ал ішкі астары Португалияда жиналатын емен тығынынан жасалған. Бұл экологиялық шлемнің басты оң қасиеті – сыртқы алюминий бөлігін екінші рет өңдеуге болады, ал ішкі ағаш тығын қауіпсіз, әрі оны жасау және қайта өңдеу қоршаған ортаға зиянын тигізбейді.
Мұндай шлемдердің бағасы әзірге белгісіз.
Дайындаған: Айжан Бекболат
Сурет: fastcodesign.com