Велосипедтерді жарақтандыру жағында қыруар шаруалар атқарып жүрген "X Fire" компаниясы жүргізушілерге лазерлік қондырғыны ұсынады. Бұл туралы Inhabitat.com хабарлайды.
Келіп жеткен ақпарат бойынша, "Bike Lane Safety Light" қондырғысы велосипедистерге түн баласы жортқанда қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Зерттеуге сүйене кетсек, 2009 жылы көліктің осы бір екі дөңгелекті түрі үшін шам мен әр түрлі тараптағы жарықтардың үлкен рөл атқаратыны анықталған болатын. Осы жөнінде зерттеушілер Ирен Кван мен Джеймс Мэпстоун түн ішінде шайтанарбамен жүру күндізге қарағанда екі есе қауіпті дейді.
Анықталып отыр, "Bike Lane Safety Light" қондырғысы соққы мен қауіп-қатерлерден қорғау үшін арнайы поликорбанаттан жасалған. Сонымен қатар, жаңа үлгідегі модель ең жоғары үлгідегі сәулемен жасақталған. Және жол үстіне жолақ салады.
Қондырғыны болашақта 40 долларға сатып ала аласыз.
сурет:inhabitat.com
Дайындаған: Фараби Бақыт