Ұйқы сүйетін адамға таптырмас оятқыш

Ұйқы сүйетін адамға таптырмас оятқыш

Қазіргі заманның беттен сүйіп, өбектеп тұрғаны шамалы. Уақыт пен нарық қос қолдап келіп алқымнан алып, тәтті ұйқыны азайтатын кез. Алайда, күн төбеден ауғанша ұйықтағанды жақсы көретін қазекең бұған пысқырып та қарамайды. Керек десе, күн сайын таңертең "тағы да бес минут" деп, қоңырауды қайта-қайта кейінге жылжытып қойып жатамыз. Ал сосын сол "тағы да бес минут" үшін маңызды іс-шараларға кешігуге тура келеді. 

Ендеше не істеу керек? Көмекке "қашқақ" қоңырау сағат келіп тұр. Қажетті уақытта ол сізді әдеттегі қоңыраулар секілді тек оятып қана қоймай, ол ұйқылы қожасынан қаша бастайды. Оны ұстап, қоңырауды өшіру үшін адамға төсектен тұру керек болады. Аталған "қашқақ" қоңырау әсіресе көп ұйықтайтын адамдарға таптырмайтын зат. Ерекше қоңырау 4 батарея арқылы жұмыс істейді және оның корпусы жылтыр пластиктен жасалынған. Сонымен қатар көлемі де шағын - 13.5 x 9 x 9 см, ал салмағы 450 грамды құрайды. 

Сонымен қатар Тайвань студенті Ena Macana-ның шығарған қоңырауы да өте ерекше: Blowfly деп аталатын қоңырауды өшіру үшін оны бірінші ұстап алу қажет. Ал ұстап алу оңай шаруа емес, себебі ол ұша алады. Кішкене құрылғы оянатын уақыт келгенде шағын пропеллердің көмегімен ауаға көтеріледі. Сондай-ақ ол төсектен кімді болса да тұрғызатын ағымсыз ызылдақ дыбыс шығарады екен. Ал осы қоңырауды ұстап аламын дегенше, адам сергіп, оянып та үлгеретіні еш күмән келтірмейді. 

Сурет: magic-present.su, mzon.ru

Ж. FM