Үйге арналған 3D-принтер

2014 жылы әр үйдің төрінде 3D-принтер тұратын болады. Осы жылдың соңына дейін аз-кем өзгеріске ұшырамақ.

Супертехнологияның артықшылығы да сол, көшірме жылдам әрі сапалы өтеді. Ал материал көзі ретінде пластикпен бір қатарда металл да қолданыла беретін болады.

Еш күмәнсіз, 3D-принтер ендігі жылы нарықты "жармақ". Басында бағасы 14 мың доллардың шамасында болар деп күтілуде, алайда, тәуелсіз сарапшылар жағы өнім нарыққа жаппай тарасымен, бағасы біршама есеге төмендейтінін алға тартуда екен.

Бізге бар қалғаны, ендігі жылды күтіп, көшірме жасайтын заттарды қазірден таңдай беру.

сурет:shopping.aol.co.uk 

Дайындаған: Фараби Арыстанбек