Көбіміз үй жинағанды ұнатпаймыз. Кейде мүлдем уақытымыз болмайды. Осындай кезде үйіңізді Bruno сынды смарт-гаджеттердің көмегімен тазалауыңызға болады.
Бұл құрылғы айналасындағы шаң мен қоқысты өздігінен сорып отырады.
Bruno қоқыс жәшігінің құрылымы өте қарапайым. Корпусына жарық пен қозғалысты сезетін құрылғылар орнатылған. Жәшік осылар арқылы жұмыс істейді.
Қуаты бір айға жетеді екен. Қоқысты 49 литрлік қапшықта жинайды. Ал оны ауыстыратын уақыт келгенде телефоныңызға хабарлама жіберіледі.
Жаңа өнім биыл қазан айында таныстырылады. Бағасы – 229 АҚШ доллары.
Ұқсас жазбалар:
Жаңа смарт-білезік смартфонның орнын басады (Видео)
Tracky – спорттық жаттығуға арналған смарт-киім