Aerofex компаниясы жақында «Звездные войны» фильміндегі Спидерді еске салатын «ұшатын» мотоцикл жасап шығарды. Алайда, кинодағы аналогқа қарағанда аталған құрылғы антигравитациялық технологияны қолданбайды. Оның орнына өнертапқыштар мотоциклді жер бетіне көтере алатын үлкен екі желдеткіш орнатқан екен.
Компания қызметкерлерінің айтуынша, көлікті басқару өте оңай екен және оны айдап үйрену үшін ешқандай дайындықты талап етпейтін көрінеді. Бар болғаны, велосипед айдау кезіндегідей, адам тепе-теңдікті ұстап тұруы қажет. «Ұшатын» аппарат (адаммен бірге) шамамен 4,5 метр биіктікке көтеріліп, сағатына 50 км жылдамдықпен ұша алады екен. Алайда, бұл көрсеткіштерді құрылғының шынайы технологиялық мүмкіндіктері деп емес, қауіпсіздік ережелерінің сақталғаны деп бағалаған жөн.
writeFlash({"src":"https://www.youtube-nocookie.com/v/FGw7qQlQWFM?hl=ru_RU","width":"450","height":"320"});
Жобалаушылардың мәлімдеуінше, мотоциклдің сатылымға шығу, шықпауы және қанша тұратыныны белгісіз. Ал қазіргі таңда, Aerofex компаниясы мотоциклдің жаңа нұсқасын жасаумен еңбектенуде. Ол ағымдағы жылдың қазан айында көпшілік назарына ұсынылмақ.
Дайындаған: Ерғали Елдос
Сурет: 24horas.cl