- Негізгі бет
- Жаңалықтар
- Үш дөңгелекті автомобиль...
Үш дөңгелекті автомобиль жасалды
Фото:
www.techno-freak.com
Elio Motors компаниясы StartEngine қаржыландыру орталығының қолдауымен жаңа жобасына 25 миллион АҚШ долларын жинай алды. Компания бұл ақшаға үш дөңгелекті автомобильдер шығармақ.
Жаңа көлік екі адамды тасымалдауға арналған. Кішкене жүк салғышы да бар. Сағатына 100 шақырым жылдамдыққа жету үшін 9,6 секундты қажет етеді. Максималды жылдамдығы сағатына 160 шақырымды құрайды.
Көлік кішкентай болғандықтан, жанармайды аз жұмсайды.
Компания басшыларының жоспары бойынша, жаңа үш дөңгелекті көлік 2016 жылдан сатылымға шығады.
Ал оның нарықтағы бағасы 6800 АҚШ долларын болмақ.
Ж. Өрісбай