Қазақстан Ұлттық банкі түрлі банктердің клиенті арасында 24/7 режимінде жедел аударымдар мен төлемдерді жүргізу үшін жаңғыртылған жүйенің платформасын іске қосты, - деп хабарлайды massaget.kz.
Жүйе барлық банктің клиентіне қолжетімді болады. Әртүрлі банктердің клиенті арасында аударымдарды ұялы телефон нөмірі бойынша, ал төлемдерді QR-код бойынша жүзеге асыруға болады.
Ұлттық Банкте сервистерді іске қосу 2 кезең бойынша жүзеге асырылатынын атап өтті:
"Клиенттерге қызмет көрсететін банк сервистердің қолжетімділігі туралы ақпарат береді. Банктер өз клиенті үшін P2P-аударым қызметтерінің тарифтерін дербес белгілейді", - делінген Ұлттық банк хабарламасында.
Жүйеге басқа да қазақстандық банктерді біртіндеп қосу жоспарланды.