Ұлттық банк жедел төлемдер жүйесін іске қосты

Ұлттық банк жедел төлемдер жүйесін іске қосты
Фото: elements.envato.com

Қазақстан Ұлттық банкі түрлі банктердің клиенті арасында 24/7 режимінде жедел аударымдар мен төлемдерді жүргізу үшін жаңғыртылған жүйенің платформасын іске қосты, - деп хабарлайды massaget.kz

Жүйе барлық банктің клиентіне қолжетімді болады. Әртүрлі банктердің клиенті арасында аударымдарды ұялы телефон нөмірі бойынша, ал төлемдерді QR-код бойынша жүзеге асыруға болады.

Ұлттық Банкте сервистерді іске қосу 2 кезең бойынша жүзеге асырылатынын атап өтті:

  • жеке тұлғалардың телефон нөмірі бойынша аударымдары (P2P-аударымдар);
  • QR-код арқылы қолма-қол ақшасыз төлемдер (QR-кодтың ұлттық стандарты бойынша).

"Клиенттерге қызмет көрсететін банк сервистердің қолжетімділігі туралы ақпарат береді. Банктер өз клиенті үшін P2P-аударым қызметтерінің тарифтерін дербес белгілейді", - делінген Ұлттық банк хабарламасында.


Жүйеге басқа да қазақстандық банктерді біртіндеп қосу жоспарланды.

М. Жәмішжанов