Украинаның ай сайынғы әскери шығындары 5-6 миллиард долларға жетеді, - деп хабарлайды DW.
АҚШ Халықаралық даму агенттігінің басшысы Саманта Пауэр Украинаға көрсетіліп жатқан қаржылай көмек әлі де жеткіліксіз екенін айтты. Оның сөзінше, Киев Ресеймен соғысқа ай сайын 5-6 миллиард долларға дейін жұмсап жатыр.
Пауэрдің айтуынша, бұл өте қомақты қаражат және адам сенгісіз цифр болып тұр.
"АҚШ билігі Украинаға бөлген 7,5 миллиард ештеңеге де жетпейді, себебі мұндағы соғысқа адам сенгісіз қаражат жұмсалып жатыр. Біз жақын арада бұдан да көп қаражат бөліп, жан-жақты қолдау көрсетуіміз керек", - дейді ол.