Үйдің алды қандай болуы тиіс? Әдемі, көрікті, тартымды деп бір текті сөздерді айтарсыз. Сонымен бірге ақылды да болуы тиіс. Соңғы он жылда сәулет өнерінде "ақылды фасад" ұғымы қай қатарға шығыпты, қандай дүмпу жасады, соған назар аударалық:
Балдырдан қуат алатын үй алды (фасад)
Көктемде бой түзеген осы бір неміс қабырғасы «Splitterwerk Architects», «Arup» компания дизайнерлерінің үш жылдық еңбегі һәм алғашқы бастамасы саналады. Ғимараттың түр-пішіні эстетикалық үйлесім болып қана ойластырылмаған, шын мәнінде, ол биомассаны ұлғайтуға оттек пен нутриенттерді қоректенетін миллиондаған микроскопиялық балдырлардың әсері. Тікелей күн көзінен қуат алатын тезөскіш жасыл клеткалар суды жылытып, нәтижесінде түзілген қуат көзі бір жүйеге жинақталып, ғимарат ішіне пайдаланылады.
Тыныс алатын үй алды (күн сәулесімен әрекеттеседі)
Жіңішке шыны әйнекпен жабылған Абу-Дабидегі мұнара сәнді көрінсе де, шөл даланың тынысына үйлеспейтін еді. Содан болар, «Aedas» компаниясының сәулетшілері ғимараттың ішкі көрінісі ашық қала отырып, күн сәулесінің көп бөлігін кері қайтаратын арнайы жарық экранын құрылымдап шыққан. Фасадтың температурасына орай, сыртқы шыны әйнектер ашылып, жабылып отырады.
Түтін соратын үй алды (фасад)
2011 жылы «Alcoa» химиялық компаниясы айнала төңіректің ауасын тазалайтын жаңа технологияны ұсынды. Титан диоксидынан тұратын материал іс жүзінде ауада бос молекулалар (радикал) арқылы ластаушыларды жойып отырады.
Төмен технологиялы басқарылатын бүркеу
Мельбурнде «Sean Godsell Architects» компаниясы жергілікті мектеп дизайнын мыңдаған кішкентай, құмтұтқыш технологиялы шыны өзекшелермен жапқан - олардың әрқайсысы орталық өзекке бекітілген. Ғимараттың ішкі ылғалдылығы мен температурасына әрекеттесе отырып, бұл шыны өзекшелер фасад арқылы ауаны ұстап қалады немесе жіберіп тұрады. Қарапайым, бірақ ақылды.
Металл желі
«Bloom» уақытша инсталляциясын Дорис Ким Сунг есімді профессор ойластырып шығарған.
Күн экраны ғимараттың ішкі бөлігіндегі температураны реттестіреді. Және ауаны тазартады. Бір сөзбен айтқанда, тірі тіршілікпен қоян-қолтық аралас орнайды.
Дайындаған: Фараби Арыстанбек
сурет: gizmodo.com