Twitter-ден Facebook-ке трансляциялау процесі өзгерді

Twitter-ден Facebook-ке трансляциялау процесі өзгерді

Twitter қолданушыларының Facebook-ке трансляцияланатын микроблогтарындағы ақпарат көлемі артты. Бұл туралы сервистің сайтында хабарланды. 

Хабарламада: "Біз Twitter мен Facebook интеграциясындағы кейбір шешілмей келген проблемаларды шешіп, халыққа ұсынып отырмыз", - делініпті. 

Естеріңізде болса, осыдан біршама уақыт бұрын, Twitter қолданушыларына жариялаған хабарламаларын Facebook-ке трансляциялау мүмкіндігін ұсынған болатын. Дегенмен, Facebook қолданушылары жарияланған хабарламалардың авторы туралы, микроблогта сөз болған басқа қолданушылар туралы жан-жақты мәлімет ала алмайтын еді.

Бұдан былай ретрансляцияланған хабарламаларда сервистің қайбір қолданушысы сөз болса, сол қолданушының туиттердегі профиліне сілтеме арқылы өтуге болады. Хабарламада хэштег еленген болса, сол хэштегтегі басқа хабарламаларды да сілтеме арқылы көріп-білуге болады.

Сонымен қатар, фотосуреттерді ретрансляциялау процесі де аздаған өзгеріске ұшырады. Бұрын Twitter қолданушыларының енгізген фотосуреттері Facebook-те дәл сол күйі жарияланса, бұдан былай қолданушының фотогаллереясына өтуге мүмкіндік болады.

Twitter өкілдерінің айтуынша, жаңа функцияларды активациялау үшін сервис қолданушылары  Facebook-тегі профилімен байланысты үзіп, қайта қосу керек. 

Естеріңізде болса, бұдан бұрын Twitter-дің логотипінің өзгергендігі туралы айтқан болатынбыз.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: gizmodo.com