iPhone 6 Plus смартфонын сатып алушылардан оның сыртқы корпусына қатысты арыздар түсе бастады. Смартфондар бір апталық қолданыстан кейін майысып қалып жатыр.
Шетелдік форумда бұл тақырып қызу талқылануда. Расында, барлық айтылып жатқан кемшіліктер фотосуреттермен дәлелденіп те жатыр. Егер сіз аталған жаңа смартфонды джинсы калтасында ұстайтын болсаңыз, бір аптаның ішінде оның қалпы өзгеріп шыға келеді.
Unbox Therapy мамандары iPhone 6 смартфонының үлкен нұсқасының корпусы қаншалықты оңай деформацияға ұшырайтынын іс жүзінде тексеріп көрді. Төмендегі видеода оның дисплейі мен корпусының әлсіз екеніне көз жеткізе аласыздар.
writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/znK652H6yQM","width":"450","height":"350"});
"Әрине, әлемдегі ең қымбат смартфондардың бірін сатып алған тұтынушы оны әдейі майыстырмайды. Смартфонның бұрынғы модельдері секілді Apple өнімінің сапасына жауап бере алмайтыны өкінішті", – дейді форум қолданушылары.
Әзірге Apple мамандары арыздарды қарап, жағдайды бақылауға алуға асықпай отыр. Егер бұл жағдай ушығатын болса, компанияның ресми түрде есеп беруіне тұра келеді.
Дайындаған: Жолдас Өрісбаев
Сурет: mobilka.me