Түн жаяу жүргіншілер үшін қауіпті болып барады

Түн жаяу жүргіншілер үшін қауіпті болып барады
Фото: xn--e1afg4ad5d.com

Түнде жолда көлік саны азайып, біраз саябырсып қалатыны анық. Осындай кептеліссіз кең жолда жүргізушілер де жылдамдықты үдете түседі. Бұл, әрине, қалада. Ал, ауыл-аймақ және бір қала мен екінші қала ортасындағы трассалар кеш қарая тіптен қауіпті. Себебі, көлік жүргізушілері жол жиегінде тұрған немесе жолдың келесі бағытына өтіп бара жатқан адамды байқамай, оқыс оқиғаларға тап болады.

Жол полиция қызметкерлері мен билік басындағылар да түнде көшеден өткенде жарық шығаратын жылтыр элементтерді пайдалануды ескерткен еді. Сондықтан, көлік жүргізген кезде арнайы жаяу жүргіншілер өтетен орындардан жылдамдықты бәсеңдетіп, көрсетілген жылдамдық белгісі бойынша өту керек. Сонымен бірге, өз өмірін сақтау үшін жаяу жүргіншілер де арнайы жарық шығаратын жылтыр элементті пайдаланып, арнайы орындардан өткен жөн.

B. ZHAQSYMBET