Ғаламдық жаһадану үдерісінде қоғамға қажетті ақпараттың қолжетімді болуы өте маңызды. Осы үдерісті құрамдаушы елдердің бірі ретінде Қазақстан Open Data идеясын "Цифрлы Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасының көмегімен іске асыруды бастады.
Аталған бағдарлама Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі дамуының стратегиялық жоспары туралы» 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығымен бекітілді. Бағдарлама аясында алдағы 4 жылда Қазақстандағы интернет пайдаланушылар үлесін 78 пайызға дейін көтеру, Қазақстан халқын эфирлік телехабарлармен қамту 95 пайызға жеткізу және халықтың цифрлық сауаттылық деңгейін 80 пайызға дейін көтеру мәселелері қаралады. Сонымен қатар, ел азаматтарының өз бетімен интернет арқылы алған қызметтер сапасының қанағаттанушылық деңгейін 83 пайызға көтеру болып отыр.
"Цифрлы Қазақстан" бағдарламасы мемлекеттік бюджет және квазимемлекеттік сектор қаражаты арқылы қаржыландырады. Одан бөлек, жекеменшік инвестиция, қаржы ұйымдары мен даму институттарының қарыздары да тарылту көзделген.
Республикалық және жергілікті бюджеттердің қаржыландыру кӛлемі жоспарланатын кезеңге арналған тиісті бюджеттерді қалыптастырған кезде нақтыланатын болады. Бағдарламаны 2017 – 2020 жылдары іске асыруға жұмсалатын жалпы шығын 384 220 402,23 мың теңгені құрайды.
Бағдарламаны басқару тетігі бағдарламаны басқару саласындағы ең үздік әлемдік практикаға және Дүниежүзілік банк сарапшыларының ұсыныстарына сәйкес инфокоммуникациялық технология саласындағы Ұлттық даму институты базасында Бағдарламаны басқару кеңсесі арқылы жүзеге асырылатын болады.