"Ozone" атауын алған жаңа "Peugeot" концепт-кары ендігі таңда транспорт туралы түсінікті түбегейлі өзгертпек.
Маишиналар сутекті отын түрлерімен жүріп, футуристік бағытта жаңа қырымен танылмақ.
Техникалық тұрғыда жан-жақты ойластырылып шығарылатынына қарамастан, жаңа өнімнің ішкі салонындағы жайсыздық пен аздаған қолайсыздығы айтылып қалуда. Жеке моторлармен байланыс түзген қос үлкен дөңгелек ортасында отырғыштар орналасқан екен. Және қозғалтқыштардың әрқайсысы сутекті отынмен іске қосылмақ.
Дизайнына көз жүгірткендер, оның қиял елінен келгендей әсерде қалдыратындығын айтуда.
Жартылай мөлдір шынылы терезе мен джойстик арқылы басқарылым "Ozone" көлігіне ерекше түр сыйлайтынын анық. Ал шынылы есіктер симметриялық металлдық корпусқа сәнді үйлесе кетпек.
Тұжырымдама несімен ұнайды?
сурет: nnm.me
Дайындаған: Фараби Арыстанбек