Tracky – спорттық жаттығуға арналған смарт-киім

Tracky – спорттық жаттығуға арналған смарт-киім

Енді өз денсаулығыңызды бақылау үшін смарт-білезік немесе «ақылды» сағат сынды фитнес трекерлерді сатып алудың қажеті жоқ. Себебі күнделікті жаттығу барысында ағзаңыздың даму үдерісін үстіңіздегі киіміңіз бақылай алады. Үндістандық стартап-компания әуесқой спортшыларға өзінің Tracky атауына ие смарт-киімін ұсынады.

Tracky кез келген адамның денесіне бейімделе алатын материалдан жасалған. Оның жеңіл жейдесі мен шалбарында сіздің жаттығу кезіндегі белсенділігіңізді бақылайтын арнайы тетіктер орналастырылған.

«Ақылды» спорттық киім үлігісін кию арқылы орындалып жатқан жаттығудың адам денесіне пайдасы, жүрек соғысының соғу жиілігі, дем алу үдерісі мен дене температурасының көрсеткіші туралы ақпарат ағымын алып отыруға болады. Жоба авторларының айтуынша, жаңа смарт өнім арқылы тұтынушы өз денесінің спорттық дамуын бақылап қана қоймай, жаттығу техникасының пайдалы жақтарын танып, ұтымды әдістерін пайдалануға көмектеседі екен.

«Ақылды» спорттық киім қатаң физикалық жаттығумен шұғылданушылардан бөлек, йогамен айналысуға да ұтымды мүмкіндіктер ашады. Айта кетсек, киімнің мобильді қосымшасы негізінде болмаған жаттығулар орындалатын болса, Tracky оны бірден жадыға жазып, келесі жолы оны бірден танитын болады.

Сонымен қатар, мобильді қосымшаның көмегімен өзіңіздің жаттығу тәртібіңізді енгізіп уақтылы берілетін нәтижемен таныс бола аласыз. Оны апталық немесе айлық етіп қарау өзіңіздің қолыңызда. Алынған ақпаратты бірден әлеуметтік желілерде бөлісуге де мүмкіндіктер жаратылыпты.


 
Әзірге стартап-компания өнімді жаппай шығаруға қажет болатын соманың 19%-ын жинақтай алған. Алдағы бір ай барысында белгіленген қаржы салымы түсетін болса, смарт-киім ағымдағы жылдың қыркүйек айынан бастап 250 АҚШ доллары бағасымен жаппай сатылымға шығады.

Сурет: naked-science.ru

Оқи отырыңыз: 

Torque – әлемдегі ең берік смартфон

Amoeba — төрт түрлі компоненттен тұратын флешка

Manta 7X – батырмасы жоқ смартфон

Ivvi – әлемдегі ең жұқа смартфон

Ж. Өрісбай