- Негізгі бет
- Жаңалықтар
- Toyota Viosо седаны...
Toyota Viosо седаны таныстырылды
Toyota компаниясы шағын Vios седанын ұсынды. Премьера Тайландтың астанасы Бангкокте өткен моторшоуда өтті.
Жаңа седанның габариттік ұзындығы 4410 миллиметр, ені - 1700 миллиметр, биіктігі - 1475 миллиметр, ал дөңгелек базасының өлшемі 2550 миллиметр. Toyota Viosо көлемі 1,5 литрік мотормен қамтылған. Қуаты 19 ат күшіне тең. Ал айналу моменті 141 Нм.
Компания жаңа көлікті әлемнің 80 елінде сатуды жоспарлап отыр. Айта кетелік, бұған дейінгі экономды төрт есікті көлік Оңтүстік-Шығыс Ассоциациясы елдерінде ғана қол жетімді болды: Бруней, Вьетнам, Индонезия, Камбоджа, Лаос, Малайзия, Мьянма, Сингапур, Таиланд және Филиппин. "Жаңа Vios Тайландың ішкі нарығында ғана емес, дамыған елдерде де сатылатын болады", - деді компанияның Тайландтағы өкілдігінің басшысы Кеити Танада.
Модель Тайландтың өзінде құрастырылатын болады. Жапондықтар бұл елде шамамен 80 мың автомобиль сатуды көздеп отыр. Бұдан бөлек тағы 40 мың көлік басқа елдерге де сатылады. Айта кетелік, Тайландта жаңа көліктің бағасы 559 мың (19 мың АҚШ доллары) батты құрайды.
Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан
сурет: www.cbt.com.my, www.wemotor.com
Massaget