- Негізгі бет
- Жаңалықтар
- Toyota көліктерінен тағы...
Toyota көліктерінен тағы да ақау шықты
Жапондық Toyota компаниясы тағы да әлем бойынша бірнеше көлігін қайтарып алмақшы. Бұл оның тарихындағы көліктерін қайтарудың ең елеуді оқиғасы болып отыр. Дәлірек айтсақ, компания дүниежүзінен 1,9 миллион автокөлігін қайтарып, қайта жөндеуден өткізбекші. Бұл жолы концерн 2009 жылдан бері шығарған Prius гибридінің үшінші буынын қайтарып алмақ.
Бұған басты себеп, ресми түсініктеме ретінде қозғалтқышты басқару блогындағы бағдарламалық қамтамасыз етуде орын алған қателіктер айтылуда. Егер бұл олқылық дер кезінде жөнделмесе, онда электронды платаға зақым келіп, соның нәтижесінде қозғалтқыштың қуаты азайып, тіпті оталмай қалуы мүмкін екен.
Алайда компания хабарлағандай, әзірге осы қателіктің себебінен бірде-бір көлікте ешқандай проблема орын алмаған көрінеді. Бірақ, соған қарамастан жапондар барлық көліктерін қайтарып, тез арада қателіктерінің орнын толтырмақшы.
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
Сурет: mail.ru
Б. Қосмағамбет