- Негізгі бет
- Жаңалықтар
- Toyota жаңа кроссоверін...
Toyota жаңа кроссоверін таныстырды
New York International Motor Show халықаралық көліктер көрмесінде жапондық Toyota компаниясы RX кроссоверлер линейкасындағы Lexus RX 350 және Lexus RX 450h атауларына ие жаңа модельдерін таныстырды. Әзірге жаңа көліктердің сатылымға шығу уақыты мен халықаралық нарықтағы бағасы нақты белгілі болмағанымен, оның толық техникалық мүмкіндігімен танысуға болады.
Жапондық өндірістен шыққан көліктер осыған дейін Toyota Harrier сериясымен шығып келген көліктердің дизайнынан мүлде өзгеше. Әсіресе кроссовердің алдыңғы жағы көп өзгеріске ұшырағанын төмендегі видеодан көруге болады. 20 дюймді алюминийден жасалған дөңгелектер (Toyota Harrier көлігінде 19 дюймді дөңгелектер болған) мен дөңгелек қаптауының қалыңдауы RX көліктерін барынша биіктен көрсетеді.
АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында өткен халықаралық көрмеде Lexus өзінің көлік өндірісіндегі жетекші марка екенін дәлелдеді. Айта кетсек, бүгінге дейін сатылған RX линейкасындағы кроссоверлердің саны 2,1 миллион данаға жеткен болса, оның үштен бір бөлігі Lexus брендімен шыққан автомобильдер болып табылады. Ал жаңа RX модельдері қолайлы интерьермен қатар, жолдағы қауіпсіздікті сүбелі қамтамасыз ететін Lexus Safety System+ жүйесімен жабдықталған.
Lexus RX көлігі 3,5 литр көлемді V6 қозғалтқышымен қозғалады және 300 ат күшіне ие. Сондай-ақ, 450h моделі атауынан белгілі гибридті болады. Одан бөлек, көліктердің жолда жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ететін Vehicle Stability Control және Vehicle Dynamics Integrated Managment сынды бірқатар интеллектуалды жүйемен жабдықталмақ.
Ұқсас жазба:
Ешкім сатып алмаған көліктер қайда кетеді?
Сурет: pricenewscars.info
Ж. Өрісбай