Жапондық атақты автоконцерн Тойота АҚШ аймағында әрі қарай жұмыс жасау үшін рекордты сомадағы айыппұл төлейтін болды.
Тойота АҚШ көліктерінен табылған жөнделмейтін детальдар үшін рекордтық 1,1 миллиард доллар айыппұл төлемек. Компания бұл кінәні мойындамай отыр. Тек олар осы ақшаны төлеп, күнделікті болып жатқан сот процестеріне нүкте қоймақ.
Естеріңізге салсақ, тұтынушылар компанияны көліктерді жөнделмейтін детальдармен шығарды деп айыптаған еді. Осы даудан соң Тойота әлемнің түкпірінен (көбіне АҚШ-тан) 10 миллион көлігін қайтарып алған еді.
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
сурет: e666kx.ru