Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі В.К.Божконың айтуы бойынша, елімізде төтенше жағдайлар жайлы хабарлайтын СМС хабарламалар жіберілу жүйесі іске қосылады.
Қазірде СМС хабарламалар жіберілу жүйесі Тараз бен Алматы қаласында енгізіліп жатыр. Болашақта бұл жүйе Астанада да орын алмақ. Ұялы байланыс операторларымен келісімдер орнатылып, жүйе өз жұмысын бастағалы тұр.
Сондай-ақ төтенше жағдайлар жайлы халықты уақытылы хабарлап отыру үшін мемлекетте жаңа жүйе құрылмақ, - дейді министр мырза. Бұл жүйе көмегімен Астанадан еліміздің кез келген елді мекеніне ескертулерді тек СМС-пен жіберуге болады.
Бұл жүйе теледидар каналдарын қолдану мүмкіндігіне ие болады. Яғни, қажетті кезде Төтенше жағдай министрлігі теледидар хабар таратуын тоқтатып, орнына ескерту хабарламаларын жібере алады. Бұл хабарлама еліміздегі теледидар қосылған әр үйге барып, осылайша халықтың ескертуді тез арада естуге өз ықпалын көрсетеді. Жүйеге қажетті техникалық қамтамасыздандыру Киров атындағы Петропавл қаласындағы зауытта және Ресеймен бірлескен жаңа өндіріс орнында биыл өндіріле бастайды.
В.К. Божконың айтуы бойынша, қазір елімізде төтенше жағдай орын алған жағдайда, бұл жайлы хабарлама ұялы телефондарымызға келмек. Сондай-ақ теледидардан уақытылы жаңалықтар беріліп отырылуы тиіс.
Ал шілденің 25 жұлдызында Алматыда қалалық сейсможаттығу өтпек,- деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігінің Алматы Төтенше жағдайлар Департаменті. Сейсможаттығу жер сілкінісін халыққа хабарлауға бағытталған.
Жаттығулардың басы электросиреналар, теледидарлар мен радио каналдарымен хабарланатын болады.
Қала тұрғындары мен қонақтарынан сабырлық пен белсенділік танытып, жаттығуларға қатысуларын сұраймыз.
Дайындаған: Сания Аринова
Сурет: gorcomvest.ru