Төңкерілген көлік (видео)

Төңкерілген көлік (видео)

"Ford Festiva және Chevy Camaro" атауын алған жарыс көлігінің төңкерілген түрі ұсынылады. Америкалық әуесқой құрылымдаушы Джефф Блохтың LeMons Race жарыс жолына арнаған өнертабысы.  

Жарыс көлігінің аэропланға арналған түрін де ертеректе осы азамат таныстырған болатын. Ендігі кезекте төңкерілген жарыс көлігі ұсынылуда. Ғажап көлікті жасап шығару үшін, Форд Фиестаның корпусын алып, Чеви Кэмароның корпусының төменгі жақ бөлігіне орналастырған. Бір сөзбен айтқанда, Форд көлігі секілді жүретін, бірақ, төңкерілген Кэмароға ұқсас бір дүние. 

Жарыс жолында бірінші болып келмесін білетін Джефф Блохтың өз пікірі: "Мен осы бір көлікті жарыс жолын жеңіп алу үшін шығарған жоқпын. Жолдастарымды таңқалдыру үшін жасап шығардым. 

Жұртшылық осы бір иррациональды өнертабыстарды әкелуде менен дәрі қабылдағанымды, не болмаса ішіп алғанымды сұрап жатады. Жауабым да дайын, сау қалпымда, саналылық деңгейде орындайтынымды айтудан танбаймын". 

Джефф мұншама көл-көсір шабыттың қайдан келетіндігін білмейді. Бір анығы, өнер тудыруға деген ерекше құлшынысы күн өткен сайын еселене түскен. "Мен қырықтағы кісінің денесіндегі сегіз жасар бала секілдімін. Және соның бәрін өмірге әкелуге жеткілікті талантым болғаны үшін бақыттымын. Жолдастарыма да рақмет, көмектесіп жататын", - дейді. 

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

сурет:bibo.kz 

Л. Лига