Мамандардың айтуынша, қазіргі кезде автомобиль өндірісімен айналысатын компаниялар жанармай негізінде жүретін көліктердің шығарылымына себепсіз көп қаржы бөліп келеді. Өйткені, соңғы бес-он жыл көлеміндегі электромобильдер өндірісінің дамуы қарқынды.
Дәл қазіргі уақытта тұтынушылардың көп бөлігі дәстүрлі принциппен қозғалатын көліктерді сатып алғысы келеді. Ал өндіруші компаниялар тек сатылымның жоғары болуын ғана қалайды. Ешкім электромобиль жасауға қаржы жұмсағысы келмейді. Себебі, ішкі жану қозғалтқышымен жүретін көліктердің электромобильдерге қарағанда әлдеқайда арзан болары анық. Бір жағынан электрокарды 100-150 шақырым жол жүргеннен кейін қуаттап отыруға тура келеді. Ал бұл бірнеше сағат уақытыңызды алады. Егер кешке көлігіңізді қуат көзіне қосуды ұмытып кетсеңіз, таңертең жаяу қалып қоясыз.
Оған қоса, электромобильдер тек қалада жүруге ыңғайлы. Сондықтан, компаниялар бұндай көлікті сатылымға шығаруды тиімсіз деп біледі.
Электромобиль — сәнді, экологиялық таза, мүлде шу шығармай қозғалатын көліктің түрі. Көлікті электрмен қуаттау жанармайдан 3 есе арзанға түседі. Экологиялық тазалыққа аса мән беретін мемлекеттерде электрокар сатып алған азаматқа сыйақы беріледі. Себебі, электромотор негізінде қозғалатын көліктер түтін шығарып айналаны ластамайды.
Ал сіз қалай ойласыз, біздің қоғамда электромобиль қажет пе?
Дайындаған: Жолдас Өрісбаев
Сурет: fe-world.com