- Негізгі бет
- Жаңалықтар
- Тоқаев: Тұңғыш Президенттің...
Тоқаев: Тұңғыш Президенттің тарихи роліне құрметпен қарау - бәрімізге ортақ міндет
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тарихи рөліне құрметпен қарауға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Қазақстан Президенті тағы бір маңызды мәселе ретінде қазіргі уақытта қоғамда болып жатқан қызу пікірталастар кезінде саяси әділдік мәселесі туралы ұмытпау керек екенін атап өтті.
М. Жәмішжанов"Елінің дамуына лайықты үлес қосқан қоғамдық-саяси көшбасшыларын, ғылым және мәдениет қайраткерлерін қадір тұтпайтын халықтың келешегі де бұлыңғыр болмақ. Біз, қазақ халқы, саяси тұлғаларымыздың еңбегіне құрметпен, парасаттылықпен қарауымыз қажет. Бұл – Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тұлғасына да қатысты ақиқат. Оның Тәуелсіз елімізді құру ісіне сіңірген еңбегін бүкіл әлем қауымдастығы мойындады. Сондықтан Тұңғыш Президенттің тарихи рөліне құрметпен қарау – бәрімізге ортақ міндет. Оның саяси мұрасына келешек ұрпақ әділетті бағасын бермек. Ал, қазіргі ұрпақ өкілдері еліміз үшін табанды жұмыс істеуі керек. Біз бәріміз халық ретінде, ең алдымен, еңбекқор болуымыз қажет. Саяси ойындарға тосқауыл қойған жөн. Біз өткенге жалтақтамай, жарқын болашағымызға зор сеніммен қадам басуымыз керек", – деді Мемлекет басшысы.