- Негізгі бет
- Жаңалықтар
- Тоқаев: Мемлекет іргетасына...
Тоқаев: Мемлекет іргетасына қарсы шыққандарды батыр деп санауға болмайды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қаңтар оқиғасы кезінде мемлекет іргетасына қарсы шыққандарды батыр деп санамау керегін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Біз бұл төңкеріс әрекеті, Қазақстанның саяси жүйесіне шабуыл, сондай-ақ, мемлекет басшысын қызметінен кетіру әрекеті деген ұстанымды негіз етіп аламыз. Жағдайды тәжірибелі мамандар жақсы ұйымдастырған. Осы қайғылы оқиға кезінде 3000-ға жуық қару ұрланған, бүгінге дейін 1600-ге жуық қару табылды, қалған қару-жарақтарды іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр", - деді Тоқаев.
Президенттің айтуынша, қаруды шетелге алып кеткен болуы мүмкін.
"Тергеу жалғасып жатыр, ол өте мұқият, бірақ үлкен қиындықтармен жүріп жатыр. Бұл іс-шараларды ұйымдастырушылар мен үйлестірушілер өздерін кәсіби түрде ұстанғаны сонша, олар өздерін әшкерелейтін өте маңызды іздерді жасырған. Дегенмен ведомствоаралық жедел топ осы төңкеріс әрекетінің жай-жапсарын ашу үшін көп жұмыс істеп жатыр", - деп қосты Қазақстан Президенті.
Тоқаев арнайы топ барлық бейнекамераны жоюмен айналысқанын, олардың Алматыда көп болғанын атап өтті. Мемлекет басшысының айтуынша, бұл өте кәсіби түрде жасалған.
"Алматыға шабуыл қатыгездікпен жасалған, адамдар азаптауға ұшырады. Дәрігерлер де, қарапайым азаматтар да зардап шекті. Үлкен базарлардан келген тонаушылар көп болды. Мен екі негізгі оқиғаны айтып отырған жоқпын. Ол - әкімшілік ғимараттар - Алматы әкімдігі мен Президент резиденциясы өртенуі. Оның үстіне Президент резиденциясы енді қалпына келтірілмейді, мұнда жай саябақ болады. Мен осындай шешім қабылдадым", - деді ол.
Тоқаев Алматыда болған оқиғаларды жеңілдетпеу керегін айтты.
"Сонымен қатар, кісі өлтірумен, тонаумен айналысып, мемлекет іргетасына қарсылық көрсеткендерді ұлттың батырлары деп санап қажеті жоқ. Соған қарамастан біз қажет жағдайда аяушылық танытып, адамдарды туыстарының өтініші бойынша босатып жатырмыз, әрине, қылмыстық іс қозғалады. Қазір тек 26 адамға нақты үкім шықты. Қалған істер қаралып жатыр", - деп қосты Мемлекет басшысы.
Тоқаев қайғылы оқиғаның ауқымы үлкен екенін атап өтті, оның айтуынша, қысқа мерзімде бәрін шешу өте қиын.
Қазақстан Президенті мәйітханалардан мәйіт ұрлануы туралы айтты.
"Қазір бұл деректер тексеріліп жатыр. Бұл - мемлекетке шабуыл жасағандардың кәсіби қолжазбасы. Әсіресе, соққыға жығылып, өлтіріліп, әкімшілік мекемелерге шабуыл кезінде тірі қалқан ретінде пайдаланылған жас әскери қызметшілерге жаным ашиды. Демонстранттар деп аталатындарға сабырлық пен төзімділік танытқан біздің полицейлерге қатысты қатты өкінемін", - деп түсіндірді Тоқаев.
Ол қаңтар оқиғасының алғашқы күндерінде бейбіт тұрғындар болғанын, бірақ кейін олардың орнын басқалар басқанын айтты.
Ж. Қадыржанова"Олар - қарақшылар, лаңкестер. Талай полицей зардап шекті. Ал бастама құқық қорғау органдарына өткеннен кейін олар өздерін ұстай алмады. Бірақ оларды түзеттік. Заң бұзып, сол қасіретті күндердегі белгілі бір оқиғаларды тергеуде аяусыз құралдар қолданған полицейлер қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Яғни, мұнда да әділдік болуы керек", - деп түйіндеді Тоқаев.