Аустралияның мемлекеттік біріккен ғылыми және қолданбалы зерттеу орталығының ғалымдары теңіз суының өзін тұздан тазартуға болатын химиялық зат ойлап тауып, жаңалық ретінде ұсынып отыр. CSIRO орталығының зерттеуіндегі заты GraphAir. GraphAir графен деп аталатын материалдан жасалған. Бұл материалдың жасалу технологиясы туралы зерттеу жұмыстары осыдан бір жыл бұрын айтылған. Онда графен материалының әдеттегі графеннен қарағанда жұқа екені, өзінің қалдық майынан қайта өңделіп жасауға болатынын, нәтижесінде қуат үнемдеу арқылы жасалған химиялық қоспа екенін атап көрсеткен. Бұл жұқа графен өте кішкене наноканалдардан тұрады. Тазалау кезінде сұйықтық осы каналдар арқылы өтіп тазарады. Ғалымдардың айтуынша, материал 100 пайызға суды тазартады. Тіпті, теңіз суының тұзын да, өзге де лас қалдықтарды тазалайды. Ашылған жаңалықты жалпы халыққа ұсыну үшін CSIRO орталығы GraphAir материалын Сиднейдегі су жиналатын орынға апарып тексеріп көрген. Бұл үшін олар GraphAir тазалаушы материалын кез келген дүкеннен тауып алуға болатын фильтрге орнатқан. Кейін бір-ақ реттік жасалған тәжірибе кезіне одан алынған су толыққанды ішуге жараған. Зерттеу тобының жетекшісі Донь Хан Сео былай дейді: Ойлап тапқан технология кез келген жағдайда суды тазартып алуға болатынын анық көрсетті дейді. 2019 жылға қарай GraphAir материалы жаппай қолданысқа еніп, әрбір үйдің құбырынан орын табуы мүмкін. Жер бетінде 2,1 миллиард адам таза ауыз суымен қамтамасыз етілмегенін ескерсек, бұл жаңалық оларға көмек болары анық.