Мобильді телефонды дұрыс қуаттаудың тұжырымын батыс зерттеушілері ұсынуда. Мамандардың кеңесінше, қуатталудың дұрыс жүзеге асуы сіздің гаджетіңіздің өмір жасын ұзарта түспек.
Зерттеу барысында анықталып отырғандай, телефонды батарейдің қуат деңгейі 40 пен 80 пайызды құрағанда, желіге қосу керек. Сонымен қатар, аппараттың толық істен шығуы зиянды болып қана қоймай, 100 пайыз қуатталу да қажетсіз болып танылып отыр. Мәселен, нөлдік қуаттағы телефонды желіге қосу батарейдің тез істен шығуына алып келеді.
Зерттеу барысында мобильді телефондардың сақталуы да қарастырылған. Аккумулятор үшін оңтайлы температура – 15 градус жылу. Орта температурада (25° градус) аккумулятордың сыйымдылығы жыл ішінде 20 пайызға төмендейді екен.
сурет: bibo.kz
Дайындаған: Фараби Арыстанбек