Аяқ астынан қоңырау шалайын десек, телефонның қуаты "өліп" қалып, электр көзін таба алмай абыржып қаламыз. Ғалымдар бұл жағдайдан да шығатын жол тапты.
Ұялы телефондар мен қол компьютерлерді, басқа да құрылғыларды электр көзінсіз-ақ қоректендіретін Powertrekk портативті отын элементі бар қоректендіргіштің пайда болуы туралы бір жыл бұрын мәлім болды. Енді бұл құрылғыға қол жеткізу арман емес. Хай-тек құрылғысының сатылымы осы жылдың көктеміне жоспарланған.
Бұл құрылғының ең қызығы - жұмыс істеу барысында қоректендіргіштің ішінде орнатылған натрий силициды сутегімен байланысқа түскен кезде электр энергиясы пайда болады. Ал сутегіні алу үшін құрылғы контейнеріне кәдімгі су қоссаңыз жеткілікті. Құрылғыны сумен қамтамасыз ету үшін арнайы контейнер қарастырылған. Бұған қоса Powertrekk сыйымдылығы 1500 мАс іштей орнатылған аккумулятор батареясымен жабдықталады. Құрылғының қоректендірілуі USB тіркеуіші арқылы жүзеге асады.
Жаңа құрылғының салмағы бар жоғы 244 г болғандықтан, оны үнемі өзіңізбен бірге алып жүруіңізге болады. Бірақ бұл темірдің бағасы бақандай 229 доллар. Айтпақшы, натрий силициды бар капсулаларды жеке сатып алуға тура келеді.
Суреттер 3dnews.ru сайтынан
Форумда талқылау