Бүгінгі таңда телефон адамдардың «ең жақынынан да жақын» серігіне айналды. Телефонын жоғалтқанда немесе ұрлатқанда адамдар көбінесе тіпті бір орында тұрақтап тұра алмайды екен. АҚШ-та Lookout Mobile Security атты компания жұмыс істейді. АҚШ-та бір ғана 2012 жылдың өзінде құны 300 миллион доллар көлеміндегі қалтафон жоғалған. Ендеше "Жоғалған телефондардың саны қанша? Қайда жоғалтады? Не үшін немесе оны табудың амалы бар ма?" деген сұрақтар төңірегінде Массагеттегі жастарға сараптама ұсынып отырмыз.
Күн сайын жер шарында құны 7 миллион АҚШ долларына тең келетін телефондар жоғалып отырады.
2011 жылы Lookout телефондағы орын белгілеу жүйесі арқылы 25 миллион долларға пара-пар телефондар жоғалса, олардың көбі Android жүйесі қойылған қолфон болып шыққан.
Жоғалған телефондардың 2/3-сі таңғы 9-бен түстен кейінгі 2-нің аралығында жоғалады екен.
Германияда Кельн базарындағы ду-думан, сапырылысқан адамы көп жер, дәл осындағы жоғалған телефондар саны бүкіл елдегі осы тектес оқиғалардың 30%-ын ұстайды екен; Ал Францияда орталық базарлардағы телефон ұрлау оқиғасы 72%-ға жеткен.
Әр жылғы рождество қарсаңында да бүкіл әлемде жоғалған «ең жақынынан да жақынның» саны 11 миллион АҚШ доллары тұратын көрінеді.
Күн сайын Ниагара сарқырамасын тамашалай келген саяхатшылардың қалтасынан ең кем дегенде 4 телефон ұрланаса, жаңажылдық демалыстағы бұл көрсеткіштің ақшалай құны 14 миллион долларға жетеді екен.
Қалтафонды ең көп жоғалтатын ел: АҚШ
Ең көп жоғалатын орындардың біріншісі: бассейн
Табылу салыстырмасы: 50-75%
Бассейннің маңындағы ұрлық адамдар ойлағаннан да көп, әрі жиі.
Екінші орында: такси
Табылу салыстырмасы: 0-50%
Таксиде отырып ойын ойнайсыз, қоңырауларды қабылдайсыз, бірақ, межелі жерге жеткенде, дәл сол мезетте қалтафоныңыздың отырған орыныңызда қалып қоятыны өкінішті-ақ.
Үшінші орында: ұшақ
Табылу салыстырмасы: 0-15%
Ұшаққа мінгеннен кейін телефондар өшіріледі, көптеген адамдар оны сумкасына емес, орындықтың қалтасына салып қояды да, ұмыт қалдырады.
Төртінші орында: қоғамдық көліктер, метро
Табылу салыстырмасы 0-2%
Әрине, бұл жерде телефон ұрланады. Оның қалай ұрланғанын өзіңіз де байқамай қаласыз. Жоғалғанын байқаған сәтте телефоныңыз әлдеқашан өшірілген болып шығады.
Бесінші орында: мектеп
Табылу салыстырмасы: 15-75%
Сақтану жолдары:
Әлеуметтік орындарда жоғалтсаңыз, құлағыңызды радиохабарландыруға түре жүріңіз, бәлкім сіздің телефоныңыз табылған болар;
Қорғау кодтарын және орын белгілеу программаларын жүктеп алыңыз; App қолданылмалы программалар жүйесінен Find My Phone деген бағдарламаны жүктеңіз немесе осы тектес ғаламтор жүйелеріне тіркеліңіз;
Lookout Mobile Security жүйесіне тіркеліңіз;
Жоғары технологиялармен жабдықталған телефондардың 54%-ы қорғау кодтарын қоймайды екен, бұл қатардан сіз де табылып жүрмеңіз.
Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы
Сурет: article.techlabs.kz, jehzlau-concepts.com