Былтыр iPhone X смартфоны Apple команиясы тарихындағы айтулы жаңалық болды. Ал күні кеше компанияның бас директоры Тим Кук Купертинода iPhone X сериясының жаңа XS, XS Max және XR флагмандарын көрсетті. Оның айтуынша, бұл Apple тарихындағы ең ілгері смартфондар. Жаңа модельдердің үздік болмауға еш қақы жоқ еді, әлбетте. Таныстырылымныңбасты жұлдызы XS Max болды. Олай деуге бірнеше себеп бар. Бұл модель iPhone тарихындағы ең көлемді смартфон. Салмағының өзі 208 грамм, қалыңдығы 7,7 мм. Оның барлығы бекер емес, себебі экран көлемі 6.5 дюйм. Бұл көрсеткіш қаншалықты көп болса, экрандағы кескін соншалықты кең болмақ;Экран тұнықтығы 1242x2688px, пиксельдер тығыздығы 456 ррі және OLED дисплей, көлемі 6.5 дюйм;Смартфон камерасы әрбірі 12 мегапиксельдік 2 модульден тұрады, біреуі кеңбұрышты, екіншісі телефото модуль. Фронтал камера 7 мегапиксель; Батарея қуаттылығы: сағатына 3174 мА; Процессоры: A12 Bionic; Ішкі жады: 64/256/512 GB; Жедел жады: 4 GB. Назарыңызға Техно шолудың кезекті санын ұсынамыз.