Техно шолу: iPhone XS Max

Техно шолу: iPhone XS Max
Фото: massaget.kz

Былтыр iPhone X смартфоны Apple команиясы тарихындағы айтулы жаңалық болды. Ал күні кеше компанияның бас директоры Тим Кук Купертинода iPhone X сериясының жаңа XS, XS Max және XR флагмандарын көрсетті. Оның айтуынша, бұл – Apple тарихындағы ең ілгері смартфондар. Жаңа модельдердің үздік болмауға еш қақы жоқ еді, әлбетте. Таныстырылымның басты жұлдызы XS Max болды. Олай деуге бірнеше себеп бар. 

– Бұл модель iPhone тарихындағы ең көлемді смартфон. Салмағының өзі – 208 грамм, қалыңдығы – 7,7 мм. Оның барлығы бекер емес, себебі экран көлемі – 6.5 дюйм. Бұл көрсеткіш қаншалықты көп болса, экрандағы кескін соншалықты кең болмақ;
– Экран тұнықтығы – 1242x2688px, пиксельдер тығыздығы – 456 ррі және OLED дисплей, көлемі – 6.5 дюйм;
– Смартфон камерасы әрбірі 12 мегапиксельдік 2 модульден тұрады, біреуі кеңбұрышты, екіншісі телефото модуль. Фронтал камера – 7 мегапиксель;
– Батарея қуаттылығы: сағатына 3174 мА;
– Процессоры: A12 Bionic;
– Ішкі жады: 64/256/512 GB;
– Жедел жады: 4 GB.

Назарыңызға "Техно шолудың" кезекті санын ұсынамыз.

Massaget.kz