Huawei компаниясы өз смартфондарымен қатар планшеттер, фитнес-білезіктер және ақылды сағаттарды жасап, сатылымға шығарып жүр. Әр құрылғы бірегей дизайнда, жан-жақты функциялармен жасалады. Сондай айрықша девайстың бірі Huawei Watch 2. Ақылды сағаттың алғашқы Huawei Watch моделі классикалық үлгіде жасалған еді. Бұл жолғы Huawei Watch 2 спорттық, еркін стильге негізделген. Ал классикалық үлгіні ұнататындар үшінHuawei Watch 2 Classic ақылды сағаты қоса жасап шығарылған. Huawei Watch 2 спортпен тұрақты айналысатындар үшін таптырмас девайс, сондай-ақ, ақылды сағат смартфонның біршама функцияларын алмастыра алады. Оперативті жүйесі:Android Wear2.0Процессоры:4 ядролыQualcomm Snapdragon 2100, 1100 МГцҚабылдайтын платформалары:Android 4.3 пен iOS 9-дан жоғарыІшкі жады: 4 GBЖедел жады: 768 MBДисплей:сенсорлыAMOLED Батарея қуаттылығы: сағатына420 mAКорпус материалы: пластикҚолбау материалы: силикон