Бүкіл әлемді қаржы мәселесі қапсыра құшақтап алғанына қарамастан, ақшасының көптігі соншалық, оларды қайда жұмсарын білмейтін адамдар жеткілікті. Солардың кейбірі керексіз заттарды аса қымбат бағамен иеленіп жатады. Дегенмен, егер адамда артық ақша болса, неге ұнататын затқа шығындалмасқа – мысалы, классикалық автокөліктерге?
10. Екі орынды Роллс-Ройс. 1904 жылғы өнім. Қозғалтқыш қуаты 10 күшіне тең. Құны 7,25 миллион доллар.
Өте ескі көліктен бастасақ... Бұл көлік аукционнан сатылған ең қымбат Роллс-Ройс болып есептеледі. Сонымен қатар, бұл 1905 жылға дейін шыққан көліктерге төленген ең көп сома. Бір жағынан не себепті осындай көліктің мұншама қаражатқа сатылғанын да түсінуге болады. Себебі, кез келген автокөлік қозғалтқышы 10 ат күшіне тең қуатпен жабдықталмаған. Мұндай қозғалтқыш адам сенгісіз жылдамдықпен - сағатына 40 шақырым жүре алады!
9. Мерседес-Бенц 38/250 SSK 1929 жылғы өнім (1929 Mercedes-Benz 38/250 SSK) 7,44 млн доллар.
8. Дайтона-Шелби Кобра купесі 1965 жылғы өнім (1965 Shelby Daytona Cobra Coupe) 7,68 млн доллар.
Осы уақытқа дейін АҚШ елінде жасалған автокөліктің сатылған сомасының ең қомақтысы осы болып келді (уайымдамаңыздар, біраздан соң жаңа чемпионды білетін боласыздар). Осы бір көлік аталған маркадағы 6 көліктің бірі. Аты аңызға айналған Кэрролл Шелби көлік жарыстарында Феррари автоларына бәсекелестік тудыру мақсатында аталған көліктерді жасап шыққан. Және Шелбидің жоспары өз жемісін берді деуге болады. 4 шілде күні Францияда өткен әлем чемпионатында Дайтон-Шелбидің машинасы жеңімпаз атанды.
7. Бугатти Type 57SC Atlante Купе көлігі 1937 жылғы өнім (1937 Bugatti Type 57SC Atlante Coupe) 7,9 млн доллар.
Суреттегі екі есікті купе Атлантик деп аталатын Бугаттидің өзге түрі болып саналады. Аталған көліктің әлемде бар-жоғы 17 данасы ғана бар. Енді осы көліктің неліктен өте қымбат тұратынын түсінген шығарсыздар.
6. Мерседес-Бенс 540 K Spezial Родстер 1936 жылғы өнім (1936 Mercedes-Benz 540 K Spezial Roadster) 9,68 млн доллар.
Назарларыңызда Мерседес-Бенстің тағы бір өкілі. Бұл көлік «PebbleBeach» аукционында көңіл толмайтын сомаға сатылды. Бұлай айтуымыздың себебі: көптеген мамандар бірнеше себептерге байланысты аталған көліктің тарихтағы ең қымбат авто атану мүмкіндігі бар деп есептеді. Біріншіден, санаулы автокөліктердің ішінде әлі болса айдауға жарамды және ол соғысқа дейін ұлтшыл Германияда жасалынды.
5. Бугатти Royale Kellner купесі 1931 жылғы өнім (1931 Bugatti Royale Kellner Coupe) 9,7 млн доллар.
Нағыз классика деп осыны айту керек. Бұл көліктің әлемде 6 данасы ғана бар. Және олар кезінде тек корольдік отбасыларға есептелген. Бірақ, бұл жоспар жүзеге аспады. Көлік қозғалтқышының көлемі 12,7 литр. Алғашында қозғалтқыш ұшаққа арналып жасалған екен. Кейін қолданылмағандарын автомотрисаларға орнатты.
4. Дюзенберг Model J Long-Wheelbase купесі 1931 жылғы өнім (1931 Duesenberg Model J Long-Wheelbase Coupe) 10,34 млн доллар.
1931 жылы шығарылған осы бір көлік аукционнан өте қымбат бағаға сатылды, бірақ бұл көлік өзінің шыққан кезінде арзан тұрмаған - ол кезде 17 мың долларға сатылыпты. Айта кетсек, бұл сомаға қазірдің өзінде жақсы автокөлік мініп алуға болады. Сондықтан адамзат тарихындағы ең ірі дағдарыстардың бірі кезінде біреулер көлікті осындай бағамен сатпақ болғанына тек таңғалуға ғана болады. 4 жыл ішінде аталған модельдің 500 данасы құрастырылыпты, ал дәл осы көліктің өте қымбат бағаға сатылғаны соншалық бұған дейін оның небәрі бес-ақ иесі болған және бар-жоғы 20 000 шақырым жүріп өтіпті.
3. Феррари 250 GT SWB California Spyder 1961 жылғы өнім (1961 Ferrari 250 GT SWB California Spyder) 10,9 млн доллар.
2. Купе Форд GT40 Gulf/Mirage 1968 жылғы өнім (1968 Ford GT40 Gulf/Mirage Coupe) 11 млн доллар.
Енді ең қымбат американдық автокөлікке көшсек. Өткен ғасырдың 60-жылдары құрастырылған қуатты американдық автокөліктер секілді Форд GT40 та жарыста Ферраридің бәсекелесі болуы мақсатында жасалынған. Форд не себепті Феррариді жеңуге тырысты? Форд компаниясы 1963 жылы Феррариді сатып алу әрекеттерін жасайды, бірақ бәрі ойдағыдай болмаған. Сондықтан ең қымбат американдық автокөлік ерегісе жасалынған көлік.
1. Феррари Testarossa 1957 жылғы өнім (1957 Ferrari Testarossa Prototype) 16, 39 млн доллар.
Бұл қымбат көлік. Алайда мұндай көліктің екі түрі бар: екеуі де бір модель, бірақ олардың бірі прототип, екінші - жоқ. 1957 жылғы Феррари Testarossa прототипі - бұл Testarossa-ның 250 данасының ішіндегі ең біріншісі. Сондықтан болар, бағасы да қымбат. Алайда оның прототип болғанына қарамастан автокөлік сегіз жыл бойы көлік жарыстарына қатысқан екен. Бұған қоса, автокөлік жақсы сақталған. Әдеттегі Феррари Testarossa (прототип емесі) 2009 жылы 12,2 миллион долларға сатылған болатын.
Сурет: worldcarfans.com, kimballstock.com, 1autonews.com