Тарихтағы ең қауіпті хакерлік шабуыл жасалды

Шабуылдан барлық өңірлерде интернет жылдамдығы кеміген дейді мамандар. Бұл туралы «Би-би-си» агенттігі хабарлап отыр.

Спаммен күресетін Spamhaus компаниясы мен өз сайтында порнографиядан басқа дүниенің барлығын да жариялай беретін Cyberbunker атты голландиялық компанияларының өзара қырқысу нәтижесінде DDOS-шабуылдары жиілеп кеткен. Желідегі файл тасымалдаушылардың қызметі біржола бұзылып, пошталық және банктік сервистердің істен шығуын мамандар ғажап емес дейді. Мәселен Netflix файл тасымалдаушы қызметі тоқтап қалған.

Spamhaus компаниясының басшысы Стив Линфордтың айтуынша, кибер-шабуыл бір аптадан астам уақыт бойы жалғасып келеді екен. Бірақ компания инженерлері бар күш-жігерін сарқып, оларға төтеп беруде.

Spamhaus-қа жасалып жатқан шабуыл жылдамдығы секундына 300 Гбит(!).

  «Касперский Лабораториясы» (КЛ) антивирустық компаниясының маманы Виталий Камлюк бұл шабуылды тарихтағы ең қауіпті әрі үлкен шабуыл деп атап өтті. Әзірге бұл шабуылдан тек Лондондағы қор биржасы жапа шеккен.

Шабуылдың наурыз айының ортасынан басталғаны жайлы да хабарланып отыр. Сонымен қатар, әлем бойынша интернет қолданушыларының көп бөлігі өз ЖК-ларын бұзып алған.

 

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: news.rambler.ru