Автокөлік интерьерінде рөлден басқа қандай зат функционалы жағынан артық? Рөл әдемі емес, ыңғайлы болуы қажет. Жүргізушіге жайлы да қауіпсіз болуы керек. Бірақ, дизайнерлердің әр затқа өзіндік көзқарасы бар.
Соңғы сән үлгісімен жасалған оның сына тәрізді пішіні, есіктер мен авто төбесінің әйнектері және де таң қаларлық дөңгелектері оны ерекшелейді. Дегенмен, көлік ішін көргенде жоғарыда айтылғандардың барлығын ұмытуға болар еді.
Бумеранг формасына ұқсаған кегей таң қалдырарлықтай болмағанымен, аспапты панельді жақсы толықтырған.
Олар жай ғана кегей жасамай қойған. Осылайша дүниеге формасы улы саңырауқұлаққа келетін осы бір түсініксіз нәрсе келді.
Жасаушылар экранды рөлге көптеген ақпаратты шығаруға болатындай етіп жасаған: жылдамдық, навигация, ауа райы болжамы, артқы камераның түсірген бейнесі және де кездейсоқ жолаушылар жайлы ақпарат. Мысалы, жолаушының бір жерге баруы керек болса, смартфонының батырмасын басса жеткілікті. Сигнал жақын жерде орналасқан «Ситроенге» жіберіледі.
Олар сағат, жарық, әйнек тазартқыштар, аудиожүйе басқаратын батырмалар сияқты рөлге қажетті заттардың барлығын сыйдыруға тырысқан.
Сонымен қатар, бұл рөлдің көлік дөңгелектеріне ешқандай байланысы болмаған. Бұрылысқа электромоторлар жауапты болған. Олар бұрылыс кезінде бірден төрт дөңгелекті бұрған екен.
Алайда, нәтижесінде Edsel толықтай күйреуге ұшырады. Жаңа бренд нарықта үш жылға да тұрақтамады.
2007 жылы Детройт қаласының авто жәрмеңкесінде көпшілікке таныстырылған Ford Interceptor концепт-кары – өте әдемі бағаланды. Алып көлік толықтай дөрекі стилінде жасалған. Капотының ұзындығы «километр» формасы төртбұрышты келген.
Сонымен қатар, дизайнерлер көлік ішін де төртбұрышты формада жасауды ұйғарған: барлық құралдар, орындықтардағы қосымшалар, тіпті рөл де төртбұрышты. Дизайнерлердің «Форд» логотипін қалайша сопақ күйде қалдырғанына таң қаласың.
Өзінің ұсқынсыз түріне қарамастан, ол кіріктірме сенсорымен (көліктің кілті жоқ) және көптеген түрлі батырмаларымен мақтана алады: беріліс қорабын батырмамен басқаруға болады.
Оның әрбір бөлігі ерекше талғаммен жасалған. Тіпті тепкішек түйінінен бастап беріліс қорабының механизмі Нидерланды корольдігінің сарайынан орын алуға лайық. Ал таңдаулы терімен қапталған кегейлі рөл сөзсіз керемет.
Дайындаған: Ерғали Елдос
Сурет: motor.ru