140 символмен тобықтай түйінді жеткізетін туиттер желісі күннен-күнге кең етек жайып келеді. "Менің туиттерде 5000-нан астам оқырманым бар, ендеше мен газеттің немесе бір журналдың бас редакторымын" деген Майғазиевтің (@SakenMaigaziev) сөзінен мән іздесек, туиттерге тіркелген әр қолданушы қоғамға ықпал етуге құқық алатындай. Тек мәнді cөз, жүйелі ой айта білсе, болғаны...
Барак Обаманың (@BarackObama) сайлаудан кейінгі жазған "Енді төрт жыл бар" деген бір ауыз туиті 814 мың ретуит жинап, 2012 жылдың ең танымал туиті атанған деседі. "Танымал туит" тағына таласпаса да, біздің көзқарасымызда таңдаулы атанған 9 туитті әр аптаның бейсенбісінде назарларыңызға ұсынып отыруды жөн көрдік.
ТВ-ді көріп отырып, түрлі ой келеді. ) Түрлі әнші қаптап кеткен. Мен де ән жазам-ау деймін, іш пысып кетті. ) Несі бар, караокеден 100 балл жинайм ғой. )
Өзін терең адам танытқысы келіп, керең көрініп қалатындар аз емес. )
@nurlan_janai 29 наурыз күні жазды:
Купюралардың дизайнын ауыстыра бергеннен шаршадым. Қай ақшаның қандай екенін ұмытып қалдым. Дизайнер көп болса, қазақ сайттарына беріңіздер.
Қыз бала өмір бойы бір адамды сүйіп өту керек... Ерлер жағын білмеймін! Қайырлы түн!)
Ақындар қызық осы. Өлеңін арнап, күйіп-жанып, үздіккен қыздарына үйлене алмайды. Ал үйленген жарына өлең арнай бермейді... #ой
Тaзa қала үшін таңда ерте ояндық! #Орал #БҚО #сенбілік
Ал мен қазақша пернетақтаға 1000 тг беріп, сатып алдым. Еңбектері бар ғой не дегенмен. #андроид
Жүйке жүйесі шаршаған көп адамның. Бір нәрсе жазсаң, баж ете қалады. Ретвит жасасаң күрсінеді, ақыл айтады. Неге әркім өз-өзімен өмір сүрмейді?!
Адам тойынғанда, адам дандайысығанда, адам тыныштықтан жалыққанда, адам есіргенде, адам соғыстың не екенін көрмегенде не демейді! Ой, Аллам!
Дайындаған: Мейіргүл Оңғарова (@ushkin)