Маманың телефонындағы смс-терін оқып отырмын. Үйде үш қызбыз. Үшеуміз үш жерден: "Мама, маған анау керек, мынау керек" деп жаза беріппіз...
Бүгін мен көліксіз, телефонсыз, ақшасызбын. Шымкенттің ойдым-ойдым жолдары көлікті сындырды. Телефон үйде қалды, ақша әйелімде кетіпті. Тек инет.
Жеңісім - тірі жүргенім. Мұңайғаным мен күлгенім. Тірлікті ессіз сүю де – Ерлік екенін білгенім.(с)
Жазған туиті басқа, тәртібі бір басқа жандармен әлеуметтік желіде дос болсақ та, реалда дос болудан сақтасын.
@urimtal 15 сәуір жазды:
Скайпкаст аяқталды. Қатысушылардың арасынан пәкістандық студенттің белсенділігі ерекше байқалды. #kazjur
Қазақша контент пен қазақ сайтын іздеуде Яндекс алға шығыпты. Гуглге ренжіп отырмын.
Жоғалтып алған бір адамдарды туиттерден көріп, көзайым боп отырмын... Ой, дүния-ай десеңші!...)))
Алатауды көргенде, еріксіз аласарып қаласың)
Қызында iPhone, мамасында iPad, ал әкесінде iCайын кредит.
Таңдаулы 9 туиттің ішінен қайсысы ұнағанын пікір ретінде қалдырыңыз.
Дайындаған: @ushkin