Өзінің ерекше және пайдалы гаджеттерімен танымал жапондық Thanko компаниясы тағамдарын шамадан тыс тұздап жіберуден сескенетін әуесқой аспаздарға және де тағам құрамындағы тұз мөлшеріне қызығушылық білдіріп отыратын кез-келген жанға арнап жаңа құрылғы жасап шықты.
Өлшемі жағынан шағын (25х212х15мм) гаджетті қалтаңызға салып алып, оны кез-келген уақытта тамақ дайындауда пайдалана аласыз. Ол үшін құрылғыны дайындалып жатқан немесе өзіңіз қалаған асқа салып оны іске қосатын батырманы бассаңыз болғаны, тағам құрамындағы тұздың мөлшері әп-сәтте көз алдыңызда пайда болады.
Thanko гаджеті электр қуатын LR44 типті төрт батареядан алады. Құрылғының бағасы 20 долларды құрап отыр.
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
сурет: gadgetblog.ru