- Негізгі бет
- Шолу
- Суықтың смартфондарға әсері...
Суықтың смартфондарға әсері
Қыста телефондар мен заманауи смартфондардың суықтан кейбір функциялары жұмыс істемей қалады. Сенсорлы экран қиындықтары, аккумулятордың тез отыруы... Суық телефонымызды тағы қалай құрта алады?
Фин сайты MikroPC телефон құрылғылардың суыққа төзімділігіне краш-тест жасады. Тәжірибеге 16 танымал телефон маркаcы таңдалды: iPhone 4S, iPhone 4, Nokia C1-01, Nokia C2-02, Nokia C5-00, Nokia C5-03, Nokia C6-01, Nokia E7, Nokia E65, Nokia N8, Nokia N9, Nokia 700, HTC Evo 3D, Samsung Galaxy S Plus, Samsung Gio, Samsung Mini, Samsung Galaxy S II, Samsung Xcover.
Барлық телефонды арнайы мұздатқышқа салып, суықтың тигізген әсерін байқап отырды.
-5°-та iPhone-да 4S SIM-картасын көруде қиындықтар туындады, ал Nokia N9-дың аккумуляторы отыра бастады.
-10°-та iPhone 4, Samsung Gio және Samsung Mini-дің жұмыстарында түрлі қиындықтар байқалды, ал iPhone 4S өшіп қалды.
-15°-та Nokia-ның көп телефондары (Nokia C1-01, Nokia C5-00, Nokia C5-03, Nokia E7, Nokia E65 пен HTC Evo 3D) қуа бастады, ал Nokia C6-01 мүлдем өшіп қалды.
-20°-та Nokia C2-02 мен Samsung Galaxy Gio телефондарының жұмыстары нашарлап, iPhone 4, Nokia C5-03, Nokia E7, Nokia N8, Nokia N9 HTC Evo 3D өшіп қалды.
-25°-тық суықта Nokia 700, Nokia C5-00 и Samsung Galaxy S Plus телефондары өшті.
-30°. Мұндай аязға Samsung-тың екі смартфоны: Samsung Gio мен Samsung Mini шыдай алмады.
-35°-та Galaxy S II мен Samsung Xcover, сондай-ақ Nokia C2-02 өшіп қалды. Бұл кезде Nokia-ның екі-ақ телефоны жақсы жұмыс жасап тұрды: Nokia C1-01 мен Nokia E65.
-45°. Соңына дейін шыдаған Nokia C1-01 мен Nokia E65 өшті.
Сенсорлы экранды телефондарда қиындық -10°-та басталды. Бұл экранның қатуына байланысты. Ал телефон батареясында -5°-та түрлі химиялық реакциялар баяулап, аккумулятор отырады.
Айта кетсек, сіздің телефоныңыз бұл тәжірибеге қарағанда төзімдірек болуы әбден мүмкін. Себебі зерттеуде смартфондарды мұздатқышқа салып қойды. Ал сіз көшеде кетіп бара жатып, 3 минуттық сөйлесуге ғана оны шығарасыз. Қалған уақытта девайсыңызды жылы чехол, сөмке не қалтаңызға салып жүресіз.
Қалай болса да, суық телефондардың кез келген түріне әсер етеді. Суықтан сақтану үшін, телефонға чехол кигізіп, көшеде жүргенде жиі шығара бермеңіз.
Дайындаған: Сания Аринова
сурет: today.mts.com.ua
С. А