Ұлыбританиялық физик Стивен Хокинг адамзат үшін болашақта микроскопиялық қара тесік энергияның таусылмас көзіне айналатынын айтты.
Ғалым гравитациялық нысанды пайдалану кезінде адамзаттың проблемаларға тап болуы мүмкін екенін де ескертіп отыр. "Күн массасының қара тесігі Хокинг сәулелерін шығаруы мүмкін. Бірақ оны азайтса, қара ойық қуаты шамамен он миллион мегаватт болатын рентген және гамма сәулелерін бөледі. Бұл Жердегі электр құрылғыларын қуаттауға толықтай жеткілікті", − деді физик.
Ғалымның айтуынша, ұсақ қара тесіктер ғаламшарымызға қауіп төндіруі мүмкін. Хокинг сондықтан да көлемді тесіктерді Жерден алыс, мысалы, Жер төңірегіндегі орбитада ұстау керек деп есептейді. Физик мұндай тесіктерді қолдан жасау болашақта мүмкін болатынын жеткізді.
Стивен Хокинг бұған дейін адамдардың таяудағы 1000 жылда Жер бетін тастап, ғарыштан басқа мекендейтін орын таппаса жойылып кетуі мүмкін екенін айтқан. Мұндай болжамды ғалым Сиднейдегі опера театрында өткізген дәрісінде мәлімдеген еді. Сонымен қатар зерттеуші уақыттың, жер жүзінің және ондағы қара тесіктердің мәселесін көтерген. Дәрісінің соңында 73 жастағы Хокинг тыңдармандарына "аяқ астына емес, жұлдыздарға қарау керек" екенін айтты. "Көргеннің бәрін түсінуге тырысыңыздар. Жер жүзінің қалай пайда болғанын, себебін білуге тырысыңыздар. Қызығушылық танытыңыздар және өмір қандай қиын болып көрінсе де, сәттілікке жететін мүмкіндіктің бар екенін есте ұстаңыздар", − деді ол.
Дереккөз: tengrinews