SpaceX компаниясы 2017 жылы интернет серігін көкке ұшырады

SpaceX компаниясы 2017 жылы интернет серігін көкке ұшырады
Фото: hi-news.ru

SpaceX компаниясы ақыры интернеттің спутнигін ұшыратын болды. Әлем қазір болмайды дейтін дүниені болдырып, жоқтан бар жасауда. Ал интернетке арналған арнайы спутниктің ұшуы туралы АҚШ сенатындағы отырыста компания өкілдері жария етті. Олардың айтуынша, ғарышқа төрт мыңға жуық құрылғы ұшады. Олардың барлығы желінің жақсы жұмыс жасауына күш салады. Бұл спутник тек АҚШ жерін ғана емес, бүкіл әлемді интернетпен тікелей қамтамасыз етуге бағытталған. 

Ал SpaceX компаниясы спутниктің ұшу уақытын да атап өтті. Биыл яғни 2017 жылдың соңына дейін спутник көкке көтерілетін болады. Ал оның екінші серігі 2018 жылға қарай ұшырылады деп жоспарланып отыр. 

Биыл ұшатын спутник жылдар бойына зерттеумен айналысады. Жұмыс нәтижесін берсе тағы да өзге де құрылғыларды ұшыратын болады. Ең кереметі SpaceX компаниясы өздерінің бұл жетістіктеріне бес-ақ жыл ішінде жетіп отыр. 

Әрбір спутник 400 кг салмақпен ұшады. Бірақ бұл құрылғыға кететін қаражат аз. SpaceX компаниясының бұл спутникті ұшыру мақсаты – ғаламшардың кез келген түкпіріне интернет тарату. 

М. Ақан