Смартфонның көмегімен жоғалған затты қалай табуға болады?

Смартфонның көмегімен жоғалған затты қалай табуға болады?

Әмиян, кілт пен өзге де заттарыңыз табылмай қалатын кездер болып тұра ма? Ақиқатында, "иә" деп жауап берерсіз. Сосын, ең ақырында, әлгі заттарды іздестіруге көп уақытыңыз кетпек және салдарынан тітіркенуіңіз мүмкін немесе маңызды кездесуге кешігіп баруыңыз да ғажап емес. 

Ендігі таңда жоғалған заттардың өздері сұранып тұратын болады. Әрине, тауып алуыңызға. Nokia компаниясы таяуда "Treasure Tag" үсей-асайын (аксессуар) нарыққа шығармақ.

Сол арқылы кілт пен басқа да заттарға қондырылатын аксессуар жоғалған жағдайда тауып алуға көмектеспек.

Ол үшін, жоғалған затты іздестіруге арналған арнайы қосымша (приложение) жүктеледі. Бағдарламаның осы бір түрі жоғалған заттың орны мен уақытын дәл бекітіп, дауыс сигналын шығарып тұрады. 

Смартфон мен "Treasure Tag" аксессуары арасындағы байланыс NFC пен Bluetooth техноолгиялары арқылы орнатылады. Байланыс қашықтығы - жүз метр аралық. Қондырғыға орнатылған қуат көзі (батарея) жарты жылға жұмыс жасауға жарамды.

Аксессуардың қанша тұратындығы және қай уақытта шығатындығы айтылмай отыр. 

Енді, ең бастысы - телефонның өзін жоғалтып алмау.

* * *

Қалай ойлайсыз, маңызды қосымша емес пе?

 

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Сурет: kakdelateto.ru

Л. Лига