Смартфоны бар адамдардың алыста жүргеннен гөрі жақында жүргені жақсы. Соны ескере отырып, бір қатар ереже ұсынғалы тұрмыз. Бір компьютердің орнын толыққанды ауыстыра алатын заманауи технологияға ұқыптылық ауадай қажет-ақ. Әсіресе, енді сатып алып жатқан жандарға:
1. Пароль орнатып, бей-жай қараудан аулақ болыңыз. Бейтаныс адамдардың қолжетімді дүниесі болып отырмасын;
2. Бүкіл сатып алуларды арнайы қосымша (приложение) арқылы жүргізіңіз. Және нағыз өзі екеніне көз жеткізіп, қарап шығуға ерінбеңіз;
3. Әлеуметтік желілерден шығарып тұруды ұмытпай, әр жолы пароль өзгертуден жалықпау ләзім. Егер жеке басыңызға қатысты ақпараттар көпшілікке тарап кетпесін десеңіз;
4. Смартфоныңыз кез келген wi-fi желісіне қосылады ғой? Дұрысы, олай істемеген жөн. Өйткені, әлеуметтік желілердің талап-тілектері үнемі бір жерден шығып отырмайды;
5. Bluetooth-ды өшіріп тұруды естен шығарып ала көрмеңіз. Құрылғыны бәзбіреулер бұзып кетуі мүмкін;
6. Смартфоныңызды сатпақсыз ба? Онда, бүкіл ақпараттық мәлімдемелерді тазартып тастаңыз;
7. Арзан бағаға келісетін қосымшалардан (приложение) аулақ болыңыз;
8. Жеке өміріңізге қатысты құнды мәліметтерді бір бөліктің (папка) ішіне сақтамаңыз. Сенімсіз болып шығуы кәдік;
9. Мобильді браузердегі тарихты, яки мәліметтерді өшіріп тастаңыз;
10. Өшірілген ақпараттарды сақтайтын қосымша (приложение) орнатыңыз;
Алып-қосар кеңестеріңіз бар ма?
сурет:torontosun.com -
Дайындаған: Фараби Арыстанбек