- Негізгі бет
- Шолу
- Смартфонның дамуына көз...
Смартфонның дамуына көз жүгіртейік
Смартфон (ағыл. smartphone – ақылды телефон) – қалтаға сыятын дербес компьютермен тең дәрежедегі, кеңейтілген функционалды мобильді телефон. Бұл ұғымға «коммуникатор» термині жиі қолданылады. Коммуникатор (ағыл. Communicator, PDA Phone) – мобильді телефон қызметімен жабдықталған қалта компьютері.
Nokia 9000 смартфоны, 1996 жылы шыққан QWERTY клавиатуралы алғашқы телефон
«Коммуникатор» сөзі алғаш 1996 жылы Nokia 9000 Communicator құрылғысына қатысты қолданылды. Сырт келбеті кәдімгі телефонға ұқсағанымен, ішкі көрінісі нетбукті еске салады. Кейін Nokia осы брендпен өз нұсқасында ерекше телефондарды жарыққа шығарды.
2000 жылы қалта компьютері негізінде құрастырылған PocketPC жүйесі пайда болды. НТС Magician (не Qtek S100) сол кездегі коммуникатор дамуындағы негізгі құрылғыға айналды.
HTC Magician — 2005 жылы шыққан шағын әрі ыңғайлы смартфон
Ол 3,5 дюймдік қалта компьютеріне қарағанда 2,8 дюймдік кішкене экранымен әлдеқайда қолайлы болды. Сонымен қатар интуициямен түсіну жеңіл болатын Windows Mobile 2003 интерфейсімен және аккумулятор ауқымдылығымен ерекшеленді.
2006 жыл. HTC P3300 — GPS-модульді алғашқы коммуникатор
НТС Р3300 Artemis өз кезеңінде үлкен танымалдыққа ие болып, қолданушылары көбейді. Оған сол кездің сәні – бес перненің орнын басатын "колесо" қызметі және GPS-модулі қондырылған.
2007 жыл. HTC Touch — саусақпен басқарылатын алғашқы құрылғы
Ол кіші көлемі мен тартымды дизайнының арқасында көпке танылды.
2007 жыл. Apple iPhone — жаңа интерфейс және қосымша қондыруға (приложение) арналған жаңа әдіс
Коммуникатор индустриясының байрақты бәйгесіне Apple iPhone қосылды. Сол кезде оның бұлыңғыр болашағы туралы сөз тараса да, қазір әлемдік сатылым деңгейінде өз шыңына шығып үлгерді.
2009 жылы Google Android басқармасымен қызмет ететін HTC Hero жаңа класс смартфоны пайда болды.
Ол бастапқы ашық код операциялық жүйесі негізінде жұмыс жасайды. Android Market интернет-дүкені AppStore-ден кем қызмет көрсетпейді, тұтынушыларының да сұранысын қанағаттандырады.
@. @assel_assanova