Болашақта біз қолданып жүрген сымды қуаттағыштар керек болмайтын секілді. Смартфонды сымсыз қуаттайтын QI технологиясының шыққанына көп болған жоқ, ал BandCharge жасақтаушылары одан асып түсті. Компания өз сайтында жаңа білезіктің анонсын жасады. Білезікте радиожиілікті сигнал тарататын құрылғы бар. Одан тараған сигналды смартфон қуат көзіне айналдырады. Бұған аналогты QI технологиясы смартфонды өзіне жанастырып қоюды талап ететін. Ал білезік смартфонды 15-20 сантиметр қашықтықта қуаттай береді. Дегенмен, мұндай әдіспен смартфонды толыққанды қуаттау қиынға соғады, бірақ қосымша қуат көзі ретінде өте ыңғайлы екенін атап өткен жөн. BandCharge білезікті әзірге жария еткен жоқ. Android және iOS оперативті жүйелерімен бірге жұмыс жасайтындығы жоспарланған екен. Демек, болашақта қашықтықтан қуатталуға лайықталған смартфондар легін күтуге болады.