- Негізгі бет
- Шолу
- Смартфондарға арналған қосымша...
Смартфондарға арналған қосымша дисплей NFC арқылы қуаттанады
Девайстарға әртүрлі детальдар шығарумен айналыстан компаниялар осы күнге дейін смартфондар үшін қосымша экранның керек екендігін айтып келген болатын. Яғни бір экранның орнына екеуінің болғаны әлдеқайда тиімдірек болмақ. Алайда олар үшін мұндай аппараттардың көп энергия тұтынатыны осы күнге дейін бас ауыртарлық мәселе болып келді. Енді инженерлер осы мәселенің шешімін тауып отыр.
Амхерстегі Массачусетс университетінің мамандары Вашингтон университетіндегі әріптестерімен біріге отырып, смартфондарға қосымша екінші бір сыртқы дисплейді ұсынып отыр. Бұл өнімнің басты артықшылығы ол энергияны аса көп мөлшерде жұмсамайды. Мұндай жетістікке экран e-ink электронды қағаз технологиясы бойынша жасалынғандықтын жетіп отыр. Яғни ол энергияны тек экранның жаңару сәтінде ғана қажет етеді.
Бұл әдіс жұмыс жасауға қажетті энергия мен мәліметтер екінші экранға сымсыз NFC технологиясы көмегімен беріледі. Қосымша экран жұмыс жасап тұрған кезде артық энергия шығындамас үшін негізгісі өшіп тұрады. Ал құрастырушы мамандар бұл жетістікті жақын болашақта қолданушылар өз смартфондарынан көре алады дегенді айтып отыр. Алайда бұл экранның әзірге тек бір ғана кемшілігі бар. Ол қазір тек қара-ақ түсті картиналарды ғана көрсетеді. Дегенмен мамандар жақын арада бұл кемшіліктің де орнын толтырамыз деп отыр.
Зерттеушілер жаңа құрылғыны NFC-WISP E-Ink Display Tag деп атады. Ол 2,7-дюймды дисплейге және 0,5 МБ FRAM ие. Сондай-ақ мамандар экранның өлшемін уақыт өте ұлғайтуға да уәде беріп отыр.
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
сурет: gadgetblog.ru
Б. Қосмағамбет