Смартфондағы көңілді көтеретін бағдарламалар

Смартфондағы көңілді көтеретін бағдарламалар
Фото: twitter.com

Көз бен ой смартфонға байланған заманда адамдардың адамнан емес, техникадан жұбаныш іздейтін шағы туды. Жалғыздықты өздері жасап алатын жандардың дерті болған телефондағы бағдарламалар күн сайын жаңарып, адамға барынша жақсы жағдай жасау үшін жаңалық ашу үстінде. 

«Елің қалай болса, бөркің солай» деген сөзді түсініп, елмен бірге қоғамның дертінен қалмай, сіз де смартфонға байланған болсаңыз, біз ұсынған бағдарламаны жүктеп алып, жалғыздығыңызбен алысыңыз. 


Simple Habit Meditation 

Бұл бағдарлама арқылы сіз ішкі жан дүниеңізбен күресіп, жұмыс уақытында демалуға таба алмаған уақыттың өтемін орындайсыз. Яғни жұмыс кезінде де, жолда келе жатып немесе саяхат кезінде өзіңізбен оңаша қала аласыз. 

Tidе 

Миды тынықтыруға арналған бағдарлама. 25 минут бойына бір сенас аласыз. Табиғаттың үніне құлақ түріп, миыңызды тынықтырып алыңыз. 

Headspace 

Бұл бағдарлама да жан дүниенің тыныштығы үшін пайдалануға арналған. Simple Habit Meditation бағдарламасына қарағанда, мұнда енді қолданушыларға арналған нұсқаулық бар және қосымша бөлімдері де жоқ емес. 

Brain.fm 

Жаңбырдың, желдің, қардың табан астына басылған кезіндегі дауысын естіп бір сергіп алғыңыз келсе, Brain.fm бағдарламасы сізге таптырмас көмекші. Дәл осы қатарға желдің, самала желдің, дауылдың түрлі дыбыстарын есту үшін White Noisе бағдарламасын да орнатып алуыңызға болады. 

Defonic 

Еркін түрдегі ноталарды ойнату арқылы жан рахатын табатын музыканы өзіңіз қолдан жасап шығыңыз. Табиғат дыбыстарын қоса отырып, өзіңізге ләззат сыйлаңыз. 

М. Ақан