Смартфондағы ақау Apple үшін 5 миллион доллар тұруы мүмкін

Смартфондағы ақау Apple үшін 5 миллион доллар тұруы мүмкін

iPhone 4 смартфонындағы аздаған ақау Apple үшін миллиондаған доллар тұратын шығынға алып келуі мүмкін. Американдықтар жаппай Apple-ге қарсы сотқа арызданып жатыр. 

Олар түсірген арызда смартфондағы телефонды сөндіру қызметін атқаратын батырма бір жылдан соң, яғни құрылғыға кепіл мерзімі аяқталысымен істен шығатыны айтылған. Сондықтан көпшілік оны жөндеуге 149 доллаға шығындалуға немесе жаңа телефон сатып алуға мәжбүр.

Арыз берушілер осыған байланысты Apple компаниясынан 5 миллион доллар талап етіп отыр. Олардың пікірінше, аталған ақау батырмаға жалғасқан кабельдің кесірінен болады екен. Арыз берушілердің бірі Дебра Хилтонның сөзінше, Apple әлгі ақаудан біршама уақыттан бері хабардар көрінеді. Оған себеп компанияның өткізген форумында оның қолданушыларының көпшілігі тек осы ақау жөнінде басшылыққа айтумен болған.

Бірақ, мәселенің оңай шешімі де бар екен. Солардың бірі Интернет беттерінде орналасқан осы ақауды жөндеуге арналған арнайы бейнеролик болып отыр. Онда автор смартфондағы олқылықты өздігінен жөндеуге тегін кеңестер береді. Осындай роликтердің бірі аз ғана уақыт ішінде миллион рет көріліп үлгерген. 

Естеріңізге салсақ, Apple iPhone 4 тұңғыш рет 2010 жылы көпшілік назарына ұсынылған еді. АҚШ-та онымен екі жылдық келісім-шартқа отырсаңыз, девайстың 8 ГБ нұсқасы тегін беріледі. 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: invoip.net

Б. Қосмағамбет